Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды

Қараша 27, 2020 | 412 |

Павлодарда автовокзал маңынан кішкентай бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Павлодарлық волонтерлердің айтуынша, бала 26 қараша кешке табылған.

"8-10 айлық бала кешкі сағат тоғыз жарым шамасында вокзал маңындағы трамвай аялдамасының қасынан табылды", - деп мәлімдеді "Vita Павлодар іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің еріктісі Екатерина Кудрявцева.

Іздеушілер баланың фотосын Instagram желісінде жариялады. 

Олардың айтуынша, видеокамерадағы жазбаларға қарағанда оны бір әйел тастап кеткен. Бала Павлодардың облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, бала мамандардың бақылауында.

Кейін волонтерлар Павлодар полиция бөлімінің басшысымен бірге баланың анасының қайда екенін тапқанын хабарлады. Әйелді үш сағаттай іздеген. Қазір полицейлер баласын көшеге тастап кетуге не себеп болғанын анықтап жатыр.

Баланың есімі - Батыр, ол 1,3 жасар.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: