Павлодарда мектеп карантинге жабылды

Қазан 21, 2020 | 136 |

 

Коронавирус инфекциясы бастауыш сыныпта оқитын үш оқушыдан және бір мұғалімнен анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

E-GAZET.KZ.   Осыған орай санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Әзірге нәтижесі шыққан жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген. Осы уақыт аралығында жеті бала мен бір мұғалімнің ауруға шалдыққаны белгілі болды. 

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: