Полиция Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты түсініктеме берді

Ағымдағы жылғы 10 қарашада сағат 22.56-да 102 арнасына Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған.
Оның біреуі 17 жастағы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан зардап шегіп, салдарынан жедел медициналық жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі және 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда жанжалға қатысқандардың барлығын анықтау бойынша және ұсталғандармен тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша әр күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасуда.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады
- · Аида Балаева: Қазақстандық БАҚ бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді
- · Көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды
- · Мұнайдың әлемдік бағасы тағы өсті
- · Apple тағы бір жаңа өнімін таныстырды
- · Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
- · Коронавирустан тез жазылуға көмектесетін екі тамақ өнімі анықталды
- · Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?