Сағынтаев Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты

Қараша 24, 2020 | 137 |

Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында Алматы қаласының экологиялық ахуалы туралы баяндады.

E-GAZET.KZ.  «Алматы қаласының экологиялық проблемалары бәрін алаңдатады. Осы проблеманы шешу үшін бірқатар шара атқарылып жатыр. Оның ішінде ең ауқымдысы ТЭЦ-2-ні көмірден газға ауыстыру мәселелері. Қазан айында осы жобаны қаржыландыру мәселесі шешімін тапты», — деді Алматы әкімі.

Ол енді ТЭЦ-2-нің шығаратын қалдықтары 38 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейтін болады. 

«Бұл Алматы қаласының ауасының болашақта тазаруына көп септігін тигізеді. Жоспар бойынша 2025 жылы 8 блоктың бәрі айналысатын болады. 2021 жылы негізгі құжаттары техникалық дайындалып, 2022 жылдан бастап әр жылда екі блоктан, яғни 4 жылда 8 блоктың жұмысы аяқталатын болады», — деп атап өтті әкім.

Алматы қаласының аймағындағы Талғар, Іле, Қарасай аудандарында 80 000-дай үй әле газға қосылмаған. 

«Жеке секторда газдандыру мәселесі қала бойынша 99%-ті қамтиды. 1 800-дей үй газбен қамтамасыз етілмеген. Олардың магистральды құбырлары жоқ. Біз Халық Банкпен келістік. Банк тұрғындарға 1,5 жылға 0%-пен несие береді. Ал тұрмысы нашар отбасыларға әкімдік демеушілерді тарта отырып, газбен қамтамасыз етілмеген үйлерді 2021 жылы толығымен аяқтайтын боламыз, — деді Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев қаладағы көліктер санына да тоқталды.

«Қалада 530 мың көлік тіркелген. Ал күнделікті қалаға кіретін көлік саны 250 мың Осы себептен Алматы қаласының транспорттық стратегиясын дамыту мақсатында қоғамдық көлікке ауыстыру шарасы жүргізіліп жатыр. 1 қаңтардан бастап дизельдік автобустарды сатып алуға тыйым салынған. Осы жылдан бастап тек қана газбен жүретін автобустар сатып алынып жатыр», — дейді әкім Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, қала әкімі Медеу-Шымбұлақ бағыты бойынша таксилерді газбен ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: