Сәтбаевта 6 жастағы қыз баланы иттер талап өлтірді

Қараша 16, 2020 | 66 |

Сәтбаев қаласының саяжай массивінде кішкентай қыз бала ересектердің қарауынсыз ойнап жүргенде баланы иттер талап тастаған. Алған жарақаттардан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

E-GAZET.KZ.  15 қараша күні 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жедел жәрдем қызметкерлерінің тарапынан 6 жастағы бүлдіршіннің өлімі туралы хабарлама түскен.

Бұл – қаладағы саяжай қауымдастықтарының бірінде болған оқиға. Медицина қызметкерлері қыз баланың денесінен иттердің тістеген іздерін тапқан.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Тәртіп сақшылары жазатайым қайтыс болған бүлдіршіннің саяжай қауымдастығында ата-анасымен бірге тұрғанын анықтады.

Белгілі болғандай, үлкендердің қарауынсыз үйде жалғыз қалған жеткіншек иттердің қоршауына түсіп қалған.

"Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар бекітілді. Себеп-салдары анықталуда. Полиция қызметкерлері ата-анасын жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр. Иттерді құрықтау бойынша тиісті ветеринарлық қызметке мәлімдеме жіберілді", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: