• Басты бет
  • Қоғам
  • Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Қазан 14, 2020 | 40 |

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов түнде келген қанша жолаушы ПТР-тест тапсыру үшін карантинге орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ. - Биылғы жылдың 14 қазанына қараған түні 9 рейс келді, ондағы 1 052 жолаушының 862-сінде КВИ бар-жоғын растайтын құжат болған, ал 190 адамның анықтама қағазы болмаған, - деді Байғабылов.

5 рейс Нұр-Сұлтан қаласына қонды, онда 533 жолаушы болды, оның 118-нің анықтамасы болмаған;

Алматыға 3 рейспен 428 жолаушы келді, оның 62-сінің анықтамасы болмаған;

Ақтауға 1 рейспен 91 жолаушы келді, оның 10-ында анықтама болмаған.

Анықтама қағазы жоқ барлық 190 әуе жолаушылары ПТР анализі үшін келген қалаларындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды.

- Айта кету керек, биылғы жылдың 13 қазанында Алматыға шетелден келген 4 азаматтан (біреуі Анталиядан, ал үшеуі Шарм-эль-Шейхтен келген) коронавирус анықталды. Төрт азаматта да COVID-19 бойынша ПТР-тест анықтамасы болмаған. Барлық қажетті медициналық және эпидемияға қарсы шаралар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, - дейді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін шетелден оралған алты қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғандығы хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: