ШҚО: Қызметкерлер бас дәрігерге қарсы шықты.

Қараша 23, 2020 | 313 |

ШҚО-да Үржардағы № 1 орталық аудандық аурухананың дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің жұмысын жалғастыруына ұжыммен қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Аурухана қызметкерлері аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына видеоүндеу жасаған және хат жазған.

Ұжым бас дәрігерге қарсы бірнеше айыптау айтты. Олар басшыны қызметкерлерге дөрекілік танытып, агрессия көрсететінін, үстемеақыны алып тастағанын, бұдан бөлек мейірбикелерді өзінің Алакөлдегі демалыс орнында жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін және жас қыздарға интим ұсынғанын мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіндегілер бұл жағдай туралы білетінін айтты. Ауруханаға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов тексеру үшін аттанған.

"Үржар ауданындағы медициналық мекеме қызметкерлерінің видеоүндеуіне қатысты мынаны хабарлаймыз: бүгін ауданға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов кетті. Таңертең ұжыммен кездеседі және оларды толғандырған мәселелерді анықтайды", - деді ШҚО әкімдігіндегілер.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: