Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?

Қараша 10, 2020 | 131 |

Карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу уақытша режимде ашылады, деп жазады nege.kz

E-GAZET.KZ.  Сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілген туризм нысандары - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек, - делінген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында.

Сондай-ақ "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты мен "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады, делінген қаулы талаптарында.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: