• Басты бет
  • Қоғам
  • Шымкентте ер адамды өлтіріп, қоқыс тастайтын жерде өртеп жіберген

Шымкентте ер адамды өлтіріп, қоқыс тастайтын жерде өртеп жіберген

Қазан 24, 2020 | 111 |

Шымкентте жантүршігерлік қылмыс оқиғасы орын алды. Белгісіз біреулер ер адамды өлтіріп, артынша оның денесін қоқыс тастайтын жерде өртеп жіберген деп хабарлайды қаланың Полиция Депортаменті.

E-GAZET.KZ.   Полиция департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың 18-қазанында шамамен сағат 11.00-де Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан көшесінің бойында «Дэу Нексия» маркалы, ақ түсті, мемлекеттік белгісі жоқ автокөлігі иесіз тұрғандығы жөнінде хабарлама түскен.

"Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған" , - деді полицейлер.

Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған

Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.

"Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан «Қоқыс» тастайтын жерге (свалка) апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды" , - деп мәлімдеді құқыққорғаушылар.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: