• Басты бет
  • Қоғам
  • Шыңжаңда жүздеген мың қазақты мақта өндіруге мәжбүрлейді

Шыңжаңда жүздеген мың қазақты мақта өндіруге мәжбүрлейді

Желтоқсан 17, 2020 | 447 |

Америкалық сараптама орталығы Шыңжаңда тұрып жатқан жүздеген мың түркі тілдес халық өкілдерін, соның ішінде ұйғырлар мен қазақтарды мақта теруге мәжбүрледі деп Пекинді айыптады.

E-GAZET.KZ. Azattyq radiosy-ның мәліметінше, жаһандық саясат орталығы 15 желтоқсанда жариялаған есепте Қытайдың ресми құжаттарынан және ақпарат құралдарының хабарларынан көбіне ұйғырлар тұратын үш ауданның өзінде ғана кемінде 570 мың адамның мақта теруге жіберілгені анықталды делінген. Адамдар "кедейлікпен күрес" бағдарламасының аясында жұмысқа жегілген.

Есепте жұмысқа күштеп жегілгендер саны бұдан "бірнеше жүз мың адамға көп болуы мүмкін" делінеді. Оның үстіне, Шыңжаңнан экспортталатын мақтаның көп бөлігі мәжбүрлі еңбекке жегілгендердің арқасында жиналған болуы ықтимал дейді сарапшылар.

Америка Құрама Штаттары биыл аймақтағы ұйғырлар мен басқа да этностық топтардың құқықтарын бұзуға қатысы бар деген себеппен "Шыңжаңның өндіріс-құрылыс корпусына" санкция салған. Жаһандық саясат орталығының мәліметі бойынша, бұл компания аймақта шығатын барлық мақтаның тек үштен бірін ғана өндіреді, "Шыңжаңда жиналатын мақтаның барлығына мәжбүрлі еңбек күші пайдаланылады".

Қытайдан шығатын мақтаның 85 пайызы Шыңжаңға тиесілі. Дүниежүзіндегі мақтаның 20 пайызы осы аймақтан шығады.

Қытай сыртқы істер министрлігі америкалық орталық есебіндегі ақпаратты жоққа шығарды. Мекеменің айтуынша, Шыңжаңдағы барлық этностық топ өкілдері айналысатын кәсібін өз еркімен таңдайды.

"Барлық этностық топ өкілдерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесудің мәжбүрлі еңбекке ешқандай қатысы жоқ", - деді министрлік өкілі Ван Вэньбинь.

Халықаралық қоғамдастық Пекинді Шыңжаңдағы саясаты үшін жиі сынап келеді. БҰҰ болжамы бойынша, онда негізінен мұсылман дінін ұстанатын миллионға жуық адам, соның ішінде ұйғыр және өзге де этнос өкілдері жабық мекемелерде қамауда отыр. Қытай оларды "экстремизмге қарсы орталық" деп атайды. БҰҰ мәліметі бойынша Шыңжаңда миллиондаған адам "саяси үйрену лагерлеріне" қамалған, Пекин оларды экстремистік идея жетегінде жүргендерді қоғамға интеграциялауды көздейтін "кәсіп үйрену орталығы" деп санайды.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: