• Басты бет
  • Қоғам
  • СҚО-да ұшақ "у шашып жүр": қазақстандықтар видео таратып жатыр

СҚО-да ұшақ "у шашып жүр": қазақстандықтар видео таратып жатыр

Қараша 20, 2020 | 182 |

Қазақстандықтар мессенджерлерде "химиялық трейлердің дәлелі" деп жаңа видео таратып жатыр. Бұл жолғы видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ. Басылым мәліметінше, кадр 2012 жылғы желтоқсанда түсірілген және YouTube желісіне жүктелген. Якутскіде Ту-204 ұшағы түсірілген. Ол кезде ауа температурасы минус 45 градус болған. 

Ұшақтың артынан созылып жатқан із инверсиялық немесе конденсациялық деп аталады. Ол ылғал, тамшы немесе мұз кристалдары араласқанда пайда болады және атмосфераның кейбір күйінде ұшатын аппарат қозғалып бара жатқанда шығады, деп түсіндірді басылым. 

Әдетте бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болса, аса биік емес жерлерде де көрінеді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: