Суық тигеннен қалай тез жазылуға болады: Дәрігердің кеңесі

Жалпы тәжірибе дәрігері әрі британдық тележүргізуші Сара Джарвис суық тиюден тез айығудың үш әдісін атады деп хабарлайды ren.tv.
E-GAZET.KZ. Оның айтуынша, аурудан жазылу үшін қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет емес, ең бастысы келесі шараларды қабылдау керек. Сонымен, дәрігер суық тиюдің алғашқы белгілері байқалған сәтте тамақты микробтардан қорғайтын арнайы спрейлерді қолдануға кеңес берді.
Екіншіден, ол емделу үшін эхинацеяның көмегі ерекше болатынын айтуда, алайда оны балаларға қолдануға болмайтынын ескеру керек дейді ақ халатты. Десе де, сарапшының айтуынша, медицинада бұл өсімдіктің қай бөлігін және қандай көлемде тұтыну керек екендігі туралы әлі күнге дейін толыққанды мәліметтер жоқ. Джарвис, сонымен қатар С дәрумені немесе аталмыш дәруменнен құралған тағамдар суық тиюмен тиімді күресетінін атап өтті: цитрус жемістері, бұрыш, брокколи, Брюссель орамжапырағы мен картоп сізге нағыз көмекші болмақ, деп жазады Express.
Сондай-ақ, ол ауырған кезде қолды жиі жуып, жөтелгенде, түшкіргенде бір реттік майлықты қолдану керектігін алға тартты.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Мұнай қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?
- Қазақстанда азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті
- Нью-Йоркте 170 мың адамға COVID-19 вакцинасы егіледі
- Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек
- Байқоңыр тұрғындары табиғи газ тұтынатын болды
- 150-ден астам отбасы баспаналы болды
- Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп қалған
- Бір апта бұрын жоғалған БҚО тұрғынының денесі өзеннен табылды
- Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр
- Түркияда демалыс күндеріне локдаун енгізілді
- Түркістан халықаралық әуежайы жарамдылық сертификатын алды
- Теміртаудағы бизнесменнің өліміне қатысты тың деректер пайда болды