Тағы бір қала карантинге жабылды

Қараша 16, 2020 | 254 |

Алтай қаласында шектеу шаралары күшейтілді. Бұл соңғы жеті күнде коронавируспен сырқаттанушылар санының көптеп тіркелуіне байланысты, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ. YK-news.kz хабарлағандай, бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы қол қойған қаулыға сәйкес, 15 қарашада сағат 00: 00-ден бастап Алтай қаласында санитарлық посттар Алтай қаласының сыртқы шекарасы - Өскемен мен Катонқарағай аумағынан келетін және сол жақтарға шығатын жолдарда орналастырып, жұмыс істейді.

Өткен тәулікте Алтай аймағында коронавирус инфекциясына шалдығушылар 30 адамға дейін өсті. Жалпы аудан бойынша коронавирусты жұқтырудың 825 жағдайы тіркелген. Коронавирус науқастармен жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жалпы төсек-орынның 30,83 пайызы қамтылған.

Алтай қаласында жұмыс істеуге тыйым салынған нысандар: кинотеатрлар, моншалар, сауналар, бассейндер, театрлар, мәдени нысандар, кітапханалар, мұражайлар, фитнес орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт залдары, спорт кешендері, СПA орталықтары / салондары.

Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар жұмысы кейбір жерлерде сақталған. Контингенті 180 адамға дейінгі мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша, 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ашылған. Алтай, Серебрянск қалалары және Жаңа Бұқтырма ауылы қашықтықтан оқыту форматына көшкен.

Блок-бекеттен келесі санаттағы адамдар өтуге құқылы: өмірді қолдау ұйымдарының қызметкерлері, медициналық себептер бойынша адамдар және карантиндік ауруханада жатқан адамдар, тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын транзиттік жолаушылар. Сондай-ақ, растаушы құжаттар болған кезде (жұмыс орнынан мөрі бар еркін үлгідегі анықтама, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік), кәсіптік қызметі тұрақты жүріп-тұрумен байланысты адамдар да бекеттерден өткізіледі.

Қаулы 2020 жылғы 15 қарашада сағат 00: 00-ден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: