Жезөкше жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды

Қазан 13, 2020 | 770 |

Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатындығы, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатындығы туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: