• Басты бет
  • Қоғам
  • Тазабековтің «Qazaqstan» Ұлттық арнасына келуін жұрт сан-саққа жүгіртті

Тазабековтің «Qazaqstan» Ұлттық арнасына келуін жұрт сан-саққа жүгіртті

Қазан 08, 2020 | 159 |

 «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков "Qazaqstan" Ұлттық арнасында жақында жол тартатын бағдарламаның жүргізушісі атанды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

E-GAZET.KZ. Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазының instagram-дағы парақшасына: «Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнаға отбасы құндылықтарын насихаттайтын, көрерменге берері бар бағдарлама әзірлеп жатыр екен. Соның ішінде ұл тәрбиесіне қатысты тұшымды пікір, келелі ой айттық», – деп жазды ол.

Тазабековтың Ұлттық арнадан бағдарламаға ашқанын білген журналист Дина Елгезек бұл іске қапалы. 

«Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! “Асыл арнадан” ертелі кеш Бекболат екеуінің “лұғатын” тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз», – деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына. Кейбір журналистер «Тазабековтің өзге діни ағымды ұстанатын жасырып жүр» деп тұспал жасайды.

Тағы да оқыңыз:

 Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: