Тоқаев Атамбаевты қабылдады

Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
E-GAZET.KZ. Тоқаевқа биылғы жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары жайында есеп берілді.
Министр пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.
Атамбаев жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешіледі?
- Жаңа жылдан бастап мүгедектер үшін әлеуметтік көмек порталы ашылады
- 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған
- Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылымға қойылды
- Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады
- Қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат жалған - ІІМ