Тоқаев қала мәртебесін өзгерту құқығына ие болды

Желтоқсан 03, 2020 | 270 |

Парламент Сенатының жалпы отырысында қабылданған «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңы аясында президентке жаңа өкілеттік берілді, деп жазады kazholanews.kz

E-GAZET.KZ. Сенат аталған заң жобасына мынадай түзетулер енгізді:

— қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдық бөліктеріне жатқызу;

— облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде, оларда аудан құру;

— аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

— ҚР президентіне ҚР Үкіметінің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру;

— Президентке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыным енгізу бойынша жаңа құзырет беру;

— облыстық өкілді және атқарушы органдарға ҚР Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізу бойынша жаңа өкілеттік беру;

— аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізу бойынша өкілеттік беру.

Айта кетейік, бүгін сенат қала мәртебесінен айырылған елді мекен тұрғындарының жалақысына үстемақы қосу туралы заң жобасын бекітті.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: