Түркістан астана болмайды – Елбасы Назарбаев

Желтоқсан 02, 2020 | 155 |

Әлеуметтік желілерде ел астанасы Түркістанға көшірілуі мүмкін деген қауесет жүр. Осындай әңгімеге негіз бар ма, деген Qazaqstan (бұрынғы Қазақстан) телеарнасының журналисі қойған сұраққа кеше мерекесі өткен Елбасы – Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.  Елбасының сөзінше, ондай әңгімелерге негіз жоқ.

– Негіз жоқ, бірақ айтудың жөні бар ғой енді. Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай ойлайтын шығар. Ол қаланың тарихы үлкен, әрине. Ол жерге Қожа-Ахмет Яссауи келіп, мұсылмандықты уағыздап, бұл түркі тектес адамдардың мұсылман дініне ұласты. Сондықтан Түркістан сыйла қала. Әсіресе оған Түркиядан адамдар келіп, көргісі келеді. Ел астанасы болса екен деген ойлар бар шығар сол жерде. Бірақ біз қазіргі астанамызды дамытуымыз керек. 200 мыңдай ғана адамы бар бұрынғы Ақмола қазір 1 миллион 200 мың адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген атауы болды. Оны мен ұсынған жоқпын, бірақ онша қатты қарсы да болмадым. Себебі Астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әр ғимарат менің қатысуыммен салынды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: