Түркістан облысында той жасау тыйылмай тұр

Қараша 24, 2020 | 191 |

Түркістан облысында жасырын той жасаушылар көбейген.

E-GAZET.KZ.  Түркістан облысында жасырын той жасайтындар аз емес. Карантин кезінде думандатып, шектеулерге шекесінен қараған 506 адам әкімшілік жазаға тартылды. Тәртіптік қадағалаулар отбасылық жиын-той өткізушілерге тосқауыл болмай тұр. Мәселен, Арыс қаласындағы мына бір тойхана карантинді елемей, күнде той өткізген. Ал Келес ауданында өз үйінде беташар жасағандар бар. Шардаралықтардың да бағынғысы жоқ. Ондағы тұрғынның бірі туыстарын жинап, құдаларын қарсы алған. Түркістан мен Кентау да қалысар емес. Той өткізуді тоқтатпаған он шақты тойхана иесіне айыппұл салынды.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуалиев: "Мобильдік топтармен 5550 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, осының 4373-іне 223 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бұның 500-ден астамы – той, құдалық жасағандар. Қалғандары кәсіпкерлердің шектелген уақытты бұзуы және маска тақпай жүрген азаматтарға қатысты", - деді. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: