• Басты бет
  • Қоғам
  • Түркістан халықаралық әуежайы жарамдылық сертификатын алды

Түркістан халықаралық әуежайы жарамдылық сертификатын алды

Желтоқсан 01, 2020 | 127 |

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

E-GAZET.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, аталған тексеру кезінде әуежайдың техникалық базасы мен жабдықты сертификатталуы, әуеайлақ басшылығының және барлық қызметтер мен жабдықтардың құжаттамасы зерттелген.

«Сондай-ақ, сертификаттық тексеру кезінде әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен әуеайлақ жасанды жабындарының жағдайы, белгіленуі, кедергілерді шектеу және есепке алу мен ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мен ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету жағы қаралған. Авиаотынмен қамтамасыз ету мен ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуге, әуеайлаққа қызмет көрсету және күтіп-ұстауға, әуеайлақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне мән берілген.

Әуе кемелеріне жердегі қызмет көрсету мен жолаушылар мен багажға қызмет көрсету, әуе кемелерін мұздан тазарту мен авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жағы тексерілген. Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуеайлақтың жарамдылығы сертификатын тапсырды. Осылайша Түркістан әуежайы ішкі және халықаралық рейстерді, соның ішінде жүк тасымалдау рейстерін қабылдау мүмкіндігіне ие болды», - делінген ақпаратта. Бұл ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің,

Түркістан облысы әкімдігінің және «YDA» түрік компаниясының пайдалануға беруге дайындық жұмысының 9 ай ішіндегі бірлескен жұмысының нәтижесі болмақ. Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы жаңадан жобаланған, салынған және пайдалануға берілген елдегі алғашқы әуе айлағы саналады. 1 желтоқсанда «Fly Arystan» әуе компаниясының инаугурациялық рейсін іске қосу жоспарлануда. Рейстер күн сайын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға орындалатын болады. Сондай-ақ, «Qazaq Air» әуе компаниясы өз әуе кемелерін Түркістан қаласының әуежайына орналастыруды жоспарлап отыр.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: