• Басты бет
  • Қоғам
  • Түркістанда 14 жасар қыз әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуге Шымкентке қашып кеткен

Түркістанда 14 жасар қыз әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуге Шымкентке қашып кеткен

Қазан 12, 2020 | 1722 |

Үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 14 жасар қыз Шымкент қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ.  Түркістан қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданып, 14 жасар қызының із-түссіз жоғалып, табылмай жатқанын хабарлаған. Алғашқыда ата-ана қызды өз бетінше туыстарының үйінен іздеген. Ақыры нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция 8-сынып оқушысын табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдерді тартады. Олар такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырды. Сонымен қатар қыздың әлеуметтік желідегі парақшаларына арнайы мамандар арқылы шығып, қыздың жүрген жерін топшылайды.

Осындай жедел шаралардың арқасында түркістандық полицейлер қыздың әлеуметтік желіде жігітпен танысып, Шымкент қаласына өз еркімен қыдырып кеткенін анықтады.

Тәртіп сақшылары қызды мегаполистен тауып, аман-есен үйіне жеткізді. Қуаныштан көздеріне жас алған анасы мен әкесі қыздарының дін аман табылғанына қуанып, полицейлерге ерекше алғысын жеткізді.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: