• Басты бет
  • Қоғам
  • ТЖМ басшысы қазақстандық вакцинаны салдыруға қатысты ойын айтты

ТЖМ басшысы қазақстандық вакцинаны салдыруға қатысты ойын айтты

Желтоқсан 25, 2020 | 499 |

Қазақстанның ТЖМ министрі Юрий Ильин коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және дәрігерлердің ұсынысы бойынша салдыруға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап беріп, Юрий Ильин вакцинация қауіпсіз және халықты кез келген инфекциядан сақтауда тиімді екенін жеткізді. 

"Бірақ дегенмен де оны әр азамат өз еркімен салдыруы керек", - деді министр. 

Сонымен қатар, министр вакцина салдыруға қалай қарайтынын айтты.

"Қажет болса, организмге ешқандай кері әсері болмаса және дәрігерлердің ұсынысымен Қазақстанда өндірілген вакцинаны салдыруға болады", - деді ол. 

Алайда министр көпшілік алдында вакцина салдырмайтынын жеткізді. 

"Меніңше, көпшілік алдына вакцина салдырудың еш мәні жоқ, себебі маған ондай PR керек емес. Біздің құтқару бөлімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жарияланатын басқа да шаралары бар", - деді ведомство басшысы. 

Еске салайық, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцина салдырған болатын. Олекпені 2020 жылдың тамызында салдырды. Министрдің сөзінше, оның қазіргі жағдайы жақсы. Сонымен қатар, Аймағамбетов коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасқанына қарамастан санитарлық ережелерді сақтайтынын айтты. 

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" препаратымен жаппай вакцинациялау 2021 жылдың ақпанында басталады. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: