Үш жасар бала байқаусызда бензин ішіп қойды

Қазан 15, 2020 | 294 |

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз үйде қалған бала байқаусызда бензин ішіп қойған, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.    Otyrar.KZ-тің хабарлауынша, ол улы сұйықтықты шырынды су деп ойлап қалған.

Соның салдарынан баланың аузы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалды, жедел жәрдем көлігі баланы қаладағы Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Дәрігерлер балаға жедел көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Бала ем алуды жалғастыруда. Қазір токсикологтар оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық сауығып кеткенше орталықта болады, - деді аталған орталық дәрігері Шерзат Октябров

Бала бүгінде өздігінен тамақтана алады, дәрігерлердің болжамы бойынша бірнеше күннен кейін ол жазылып, үйіне босатылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: