• Басты бет
  • Қоғам
  • Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жүзден астам отбасына тегін үй салып жатыр

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жүзден астам отбасына тегін үй салып жатыр

Қазан 14, 2020 | 346 |

Жамбыл облысында «Асар» дәстүрін жаңғырту арқылы мұқтаж жандар баспанамен қамтылып жатыр.

E-GAZET.KZ. Биыл өңірде жүзден астам отбасына ауыл тұрғындары асарлатып үй тұрғызды. Қазір олардың кейбірінде құрылыс аяқталып, тапсырыла бастады. Бұл игі бастама бүкіл ауылда қолдау тапты. Мойынқұм ауданында былтыр Бақыт Оразбаеваның үйі өртеніп, далада қалған. Абырой болғанда, өздері сыртқа шығып үлгерген. Ол содан бері мына шағын сарайдың тар бөлмесін паналап келіпті. Жалғызбасты көп балалы ананың жағдайын ауылдастары көріп, баспанасын қайта қалыпқа келтіріп беруге кіріскен.

Қазір он аудандағы елді мекендерде осындай жұмыстар жүріп жатыр. Әлі әлеуметтік аз қамтылғандарға 106 үй тапсырылуы тиіс. Айта кеткен жөн, «Асар» дәстүрімен үй салу кезінде жер телімдерін бөлу мен құжат рәсімдеу мәселесі жұмысты біраз тежеген. Биыл өңірде жыл соңына дейін 123 үйді ата дәстүрмен салып, тапсыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін он екісінің құрылысы аяқталып, беріліп отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: