• Басты бет
  • Қоғам
  • Жаңа жылдан бастап мүгедектер үшін әлеуметтік көмек порталы ашылады

Жаңа жылдан бастап мүгедектер үшін әлеуметтік көмек порталы ашылады

Қараша 26, 2020 | 178 |

Петропавлда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Келер жылдан бастап олар оңалтуға қажетті құралдарды жаңа портал арқылы өздері таңдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

E-GAZET.KZ.   Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік көмек көрсету порталы ашылады.

Бұл мүгедек жандарға сурдо, тефло аппараттарды және қоларбаларды өздеріне таңдауға мүмкіндік бермек.

«Әлеуметтік қызмет көрсету порталы мүгедектердің өзіне таңдау жасауға мүмкіндік бермек. Олар оңалтуға қажет құрал-жабдықтарды және оны жеткізуші компанияны осы жерден өзі таңдайды. Тек ол үшін цифрлық қолтаңба болуы қажет. Мүгедек жанға кепілді қаражат бөлінеді. Алайда ол таңдаған құрал-жабдыққа жетпесе, қалған соманы өз қалтасынан шығарады», - дейді Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ольга Прасолова.

Петропавлда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Олар оңалту құралдарын тегін алу үшін кезекке тұрған.

«Қазір бұл қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асады. Мүмкіндігі шектеулі жан орталыққа барып, сурдо, тефло және қоларбаға тапсырыс береді. Ол үшін жеке куәлігі, мүгедектігін растайтын анықтама мен оңалту бағдарламасы жазылған қағазы болуы керек. Кейін оған 10 күннің ішінде қажетті қондырғыны алуға болатыны жайлы хабарлама беріледі. Қолымызда болса оны тапсырамыз немесе күтуге тура келеді», - дейді Ольга Прасолова.

Биыл облыс орталығы бойынша сурдо аппаратқа зәру 306 адамның 105-іне және тапсырыс берген 377 мүгедектің 224-іне тефло құралдар берілді. Мүгедектер арбасына 238 адам мұқтаж болса, соның 183-іне табысталды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: