• Басты бет
  • Қоғам
  • Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр

Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр

Желтоқсан 11, 2020 | 404 |

Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Желі қолданушыларының болжамы бойынша, бұл видео кезекті тойлардың бірінде түсірілген.

"Тыйым салынғанына қарамастан, біздің эстрада жұлдыздары жүрген тойдың видеосы. Салтанатты шарада қонақтар арасында төбелес шыққан. "Азия" тобының солистері мен әнші Жеңіс Ысқақова да төбелеске қатысқан. Видеода адамдардың бір-бірін ұрып-соғып жатқаны, біреудің жерге құлап жатқаны көрінеді.

Қайда деп сұрайсыздар ма? Білмедім. Бірақ бұл видео біздің шоу-бизнестің қандай екенін көрсетеді", - деп жазды видео авторы.

Tengrinews.kz тілшісі бұл видеоның нақты қайда түсірілгенін анықтаған.

"Қазір Алматыда фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Бұл әуесқой видео. Мұны арнайы түсіріп, әлеуметтік желілерде жарияладық. Жаңа жылға кино түсіріп жатырмыз. Кадрларда фильмнен үзінді. Олар мейрамханада мерейтойын атап өтіп жатады және сол сәтте төбелес басталады", - деді "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: