• Басты бет
  • Қоғам
  • Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің 15 жыл бұрынғы хатын жариялады (фото)

Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің 15 жыл бұрынғы хатын жариялады (фото)

Қараша 12, 2020 | 371 |

Қазақстандық белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазып кеткен хатын жария етті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

E-GAZET.KZ. 2005 жылдың 26 тамызында жазылған Заманбек Нұрқаділовтің хатын әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. 

Айта кетерлігі, Заманбек Нұрқаділов дәл осы хат жазылған жылы қараша айында өмірден озған болатын. Хатта Нұрқаділов Мақпал Жүнісоваға деген ыстық сезімін өлең жолдарымен жеткізген екен: 

- "Байқамаппын салмағын, 

Өмір зілін, жалғанын. 

Махаббат бар деп өзіңмен, 

От боп лаулап жанғанмын. 

Жаным енді төзерсің 

Тағдыр басқа салғанын. 

Жақсы басар жаманды, 

Алла айтар талғамын. 

Жаратқан ием қолдаса, 

Күшейтер саған қорғанын. 

Жау жеңіліп, сен жеңіп, 

Үзерсің шынжыр торларын. 

Әсем ән әлі құлпыртар 

Жарық айдың толғанын. 

Елің көрер ертең-ақ 

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен 

Ғұмырымның қалғанын. 

Өнерді мәңгі алғасын, 

Алла берсін жалғасын. Әумин!".

 Хат соңында Заманбек Нұрқаділов өз қолтаңбасын қалдырған.  Ал хатты оқыған желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазады. 

- "Әттеген-ай, жатқан жері жайлы болсын", "Жаны жаннатта болсын, халқының біртуар сүйікті азаматы, аз ғұмырында елеулі еңбегімен, әкелік мейірімімен, жарына деген сүйіспеншілігімен үлгі бола білген, жанұясына, ерекше аты бар сұлу қызына адалдық жолын салып кеткен әке", "Келешекті болжап кетіпті ғой", "Өмірден өтетінін сезгендей", - деп жазған пікір қалдырушылар. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: