Абайды немістер де оқитын болды

Сентябрь 15, 2020 | 130 |

Берлинде неміс аудармашысы Леонард Кошут Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, - деп хабарлады «Хабар 24».

E-GAZET.KZ: Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Карипов мемлекеттік сыйлықты тапсыру кезінде оның Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесін атап өтті. Әдебиеттанушы дипломатқа неміс тіліндегі «Абайдың 20 өлеңі» атты кітабын табыс етті. Леонард Кошут қазақтың ұлы ақынының 20 шығармасын неміс тіліне аударған. Бүгінде ол жинақтарды Берлин, Мюнхен және Гамбуг кітапханаларынан табуға болады.

– Мен үшін бұл кітаптың орны бөлек. Маған Абай шығармаларын аудару мәртебесі бұйырғанына ризамын. Осындай марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын, – дейді аудармашы, әдебиеттанушы Леонард Кошут.

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях