Айдың күн жағында су бар екені анықталды

Қазан 27, 2020 | 165 |

Су Айдағы полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар табиғи серіктің күн сәулесімен жарықтандырылған жағында да бар. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі жариялады. 

E-GAZET.KZ.  Бұл жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны қолдану арқылы зерттеу кезінде ашылды. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды. Осылайша, Айдың меңгеру бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселені шешуді жеңілдетеді, оны тіпті отын жасау үшін де қолдану ұсынылды.

Алайда, NASA Астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, Жердің табиғи серігінен қанша су табуға болатыны және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: