ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы екпені мәжбүрлеу дұрыс емес

Халықты коронавирусқа қарсы екпені салуға мәжбүрлеу дұрыс емес, деп жазады nege.kz
E-GAZET.KZ. Халықты коронавирусқа қарсы екпемен мәжбүрлеп егудің орынына оның дертке қарсы пайдалы екенін түсіндіру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммунизация мәселесі жөніндегі басшысы Кэтрин О'Брайен осылай деп мәлімдеді. Бұл адамдардың жұқпалы дертке қарсы ерікті түрде егілудің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі. «Бірақ кей жағдайда вирусқа қарсы егілуді талап етуге болады», - дейді мамандар.
ДДСҰ Иммунизация жөніндегі департаментінің басшысы Кейт О'Брайен: "Халықты коронавирусқа қарсы егу ерікті түрде болуы керек деп ойлаймын. Мәжбүрлеу қажет емес. Бірақ оны міндетті түрде салуды талап етілетін жағдай туындауы да мүмкін. Ол енді ең алдымен сол індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге қатысты", - деді. Жұқпалы дертке қарсы жаппай вакцинациялау бүгін Ұлыбританияда басталды. Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок жаңа вакцина індетке тосқауыл қоятынына сенімді екенін жеткізді. Тұманды Альбион ауруханаларына бұған дейін «Файзер» мен «Байонтек» компаниялары шығарған вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген. Осы аптада 800 мың доза вакцина егу қарастырылған. Алғаш болып медицина қызметкерлері мен жасы 80-нен асқан қарт адамдар егілмек.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Жүргізуші куәлігін үйге жеткізіп беретін қызмет пайда болды
- Көпірден секірмек болған әйел видеоға түсіп қалды
- Жарты миллиондай қазақтың заңгер деген дипломы бар
- Ғалымдар адам өмірін он жылға ұзартатын төрт факторды атады
- Қай дөкейдің туысы екен: жас мұғалімдерді сипайтын секс-директор дауға қалды
- Қазақстанда тағы 4 ауыл карантинге жабылды
- Алматыда карантиндік шаралар қашан күшейтіледі?
- Әлемдік БАҚ: Айсұлтан Назарбаев неден қайтыс болды?
- "Дәрігер болғаныма өкінемін"(Видео)
- 8 жастағы баланы зорлап, камераға түсірген
- Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлердің видеосы тарады