• Басты бет
  • Даму
  • Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды

Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды

Қазан 29, 2020 | 158 |

Ертіс өңірінің ғалымдары суда батпайтын, кез келген жерден өте алатын машина құрастырды.

E-GAZET.KZ.   Жергілікті университеттің инженерия факлуьтетінің мамандары бір машинаны жасауға жарты жыл уақыт жұмсапты. Ерекше көлік жан-жақты сынақтан өтіп, техникалық кемшіліктері бойынша тиісті жұмыс атқарылды. Жоба авторлары жол талғамайтын көлікті алдымен құрғақ жерде, кейін суда сынаған. Темір тұлпардың күші батпақ пен судан, тіпті құмнан да өтуге мүмкіндік береді. Қозғалтқышының қуаттылығын 75 ат күшіне дейін жетеді. Салмағы 600 келі, ал жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жетеді. Оны құрастыруға ғалымдар өз қалталарынан қомақты қаржы құйған. Жол талғамайтын бір орындық көлік балық және мал шаруашылығы, сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметіне арналған. Қазір тапсырыстар түсіп жатыр. Алдағы уақытта жоба сертификат алады.

Жоба авторы Серік Шәріпов: "Біз ең арзан нұсқасын құрастырдық. Басқару жүйесін сынақтан өткіздік. Қозғалтқыштың кез келген түрін қолдануға болады. Кем дегенде қуаттылығы 10 ат күшіне тең қозғалтқышты қолдануды көздейміз. Осындай түрі қырда жүруге жарамды. Ал қуаттылығын 30 ат күшіне арттырсақ, батпақты жерлерден де оңай өте алады" деді.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: