Apple тағы бір жаңа өнімін таныстырды

Apple алғаш рет Apple Silicon процессоры негізінде жасалған Mac компьютерлерін көрсетті. Компания басшысы Тим Кук жаңа MacBook-ті тікелей эфирде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. Apple компаниясы өзі жасаған M1 процессорын "жаңа дәуір" деп атады. 8 ядросы бар чипсет 5 нанометрлік технология процесі бойынша жасалған (A14 Bionic сияқты).
Компания мәліметінше, платформаның қуат тұтынуы басқа өнімдерге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Мысалы, MacBook Air 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Mac-та қолданылатын графикалық үдеткіш 8 ядролық болды.
Жаңа MacBook-тың тұсаукесер рәсімінде оның басқа өнімдермен бәсекеге түсе алатыны айтылды.
Жаңа платформадағы алғашқы компьютерлер 13 дюйм MacBook Air және MacBook Pro ноутбуктері, сондай-ақ Mac mini болады.
Жаңа Macs Rosetta арқасында x86 архитектурасына жазылған қосымшалар іске қосылады.
Сонымен қатар, Big Sur деп аталатын Mac OS-тің ауқымды жаңартуы шықты. Қолданыстағы модельдерді жаңарту 12 қарашада басталады.
Америкалық тұтынушылар үшін нарықтағы жаңа өнімдердің құны белгілі болды. MacBook Air 999 доллардан (426 мың теңге), Mac mini - 699 доллардан (шамамен 298 мың теңге), MacBook Pro - 1299 доллардан (шамамен 554 мың теңге) сатылады. Жаңа компьютерлер келесі аптада сатылымға шығарылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
- · Коронавирустан тез жазылуға көмектесетін екі тамақ өнімі анықталды
- · Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?
- · СІМ Оңтүстік Кореяда қайтыс болған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
- · Алматылық оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап білім алудың дәстүрлі форматына біртіндеп көше бастайды
- · АҚШ Covid-19-ға қарсы вакцинаны өз халқына тегін таратады
- · Түркістанда сауда орталығынан 7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды